- Advertisement -

Театрлардың техникалық базасы толықты

159

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туған міндеттер аясында өңіріміздің мәдениет саласында сан алуан жұмыстар жүзеге асып жатқаны мәлім. Мәселен, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына облысымыздан 8 тарихи-мәдени нысан енгені белгілі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев баяндады.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, бірқатар шаруалар оң шешімін тапқан екен. Қазақстанның микросакралды картасын жасау үшін жинақталған 500 ескерткіштің тізіміне біздің өңірден 27 ескерткіш еніпті. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жамбыл облысының архитектуралық ескерткіштері» голограммасы жасалған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өңірлік «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы» базалық бағыттарына сәйкес, мәдениет саласы бойынша 23 жоба бекіпті. Сондай-ақ облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қолдауымен «Тараздан шыққан Таразилер» атты кітап шығару көзделіп отыр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында былтыр бірқатар іс-шара өтсе, ағымдағы жылы да көптеген басқосулар жоспарланып, кезегімен жүзеге асуда. Облыс әкімінің қолдауымен өткен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы өңір тұрғындары рухын бір серпілтіп тастағаны анық. Бұл аламанның жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіле беретіні де – қуаныш.
Астана қаласының 20 жылдығы – биыл еліміздегі басты мереке. Оған атсалысатын облыстың да дайындығы жоғары деңгейде. Сондай-ақ облыстық филармонияның 50 жылдығын атап өту көзделуде. Бұл орайда өнер ұжымы Астана қаласына және еліміздің төрт облысына концерттік бағдарламамен іссапарға шықпақ. Облыстық қазақ және орыс драма театрларының бірнеше өңірге гастрольдік сапармен шығуы көзделген. Аймағымызда клуб мекемелерінің саны 200-ге жеткен. Олар соңғы 4 жыл ішінде 70 музыкалық дыбыс күшейткіш құрылғымен, жарық түсіретін құралдармен және басқа да қажетті заттармен қамтылған. «Баласағұн» орталық концерт залының сыртына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілгені белгілі.
Жиын соңында Дүйсенәлі Бықыбаев БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support