- Advertisement -

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді

159

- Advertisement -

Америкалық боксшы Деметриус Андраде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы ойын айтты.

 «Геннадий Головкинмен рингте жекпе-жекке шықсам, мен үшін мәртебе болар еді. Мен өзімнен мықтыларқа қарсы тұру машығым мен талантымды тексеріп көру үшін орташа салмақ дәрежесіне көтерілдім. GGG – 160 фунттағы біріктірілген чемпион, сондықтан мен онымен жекпе-жекке шыққым келеді. Әлемді қайран қалдыратын кез келді», — деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасына.

Қазіргі уақытта Невада штатының мемлекеттік спорт комитеті ақпан айында допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткен мексикалық боксшы Саул Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Сол себепті оның Головкинмен болатын жекпе-жегі әлі белгісіз күйде қалып отыр. Соңғы шешім 18-сәуір күні айтылады, ал жекпе-жек 5-мамыр күніне жоспарланған.

Дереккөз: baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support