- Advertisement -

«Шаттық» күні аясында «Бір сәби – бір ағаш» атты акциясы өтті

165

- Advertisement -

Бүгін облыстық перинаталдық орталығында Наурыз мерекесіне орай  ұйымдастырылған «Шаттық» күні аясында «Бір сәби – бір ағаш» атты акциясы өтті. Ата-аналар өмірге келген жас нәрестелердің құрметіне медициналық мекеменің ауласына тал отырғызды.  Қуанышқа кенелген отбасыларға бұл күні сәбидің құжатымен берге сол ағаштың паспорттары да табысталғанын айта кету керек.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, қалалық денсаулық  бөлімінің басшысы Индира Қарағаева, облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Айгүл Айтбаева және 18 наурыз күні туылған нәрестелердің ата-аналары қатысты. Дүниеге жаңа келген нәрестенің «Ағаш бұтақтарындай жайқалып өсіп-өнсін» деген ізгі ниет – Елбасы бастамасынан туындаған. Мемлекет басшысының «Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына, барлық облыстық, қала орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз» деген сөзін негізге алған жамбылдықтар осылай акция ұйымдастыруда.

Толқын Өмірбаева,

облыстық  денсаулық сақтау басқармасы

баспасөз орталығының жетекшісі

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support