- Advertisement -

Қарғын судан қауіп көп

127

- Advertisement -

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ауа райын болжауына сәйкес, осы аптада өңірімізде жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде болатын қатты жауын-шашыннан мұздың жұқаруы мен сеңнің бұзылуы, қардың еруі таулы өңірлердің баурайы мен жазық аумақтарында қарғын судың пайда болуына әкеліп соқтырмақ. Бұл құбылыс өз кезегінде су деңгейінің көтерілуі мен селдің жазықтықтарға кең жайылуына әсер етуі мүмкін.
Осыған орай Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің, облыстық азаматтық қорғау қызметі құрылымдық бөлімшелері, басқа да тиісті мекемелер мен ұйымдар басшыларының сақтықты күшейту, су тасқыны орын алуы кезінде адам өлімін болдырмау бойынша кешенді шаралар ұйымдастыру және орын алуы ықтимал төтенше жағдайлар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды дер кезінде хабардар етуі қажет. Сондай-ақ апат салдарын жоюға байланысты іс-әрекет ету тәртібін түсіндіру, апаттық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру, көлік қозғалысының, көпірлер мен жолдардың жағдайына бақылауды күшейту, байланыс және құлақтандыру құралдарының дайындығын тексеру секілді алдын алу шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді сұранамыз.
Ал жекелеген аумақтарда оқыс оқиғалар орын алып, оны жою мәселесі күрделене түскен жағдайда, бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне 45-17-43 (факс), 45-68-29 телефондары арқылы тез арада хабардар етілуге тиіс.

Бағдат ДАНИЛОВ,
облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support