- Advertisement -

Байзақ батыр Мәмбетұлы жайлы не білеміз?

618

- Advertisement -

«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына Жамбыл облысынан ұсынылып отырған тағы бір бірден-бір ерекше ескерткіш – Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесі. Аталған кесене 2000 жылы қираған ескерткіш орнына салынған, авторы-сәулетші А. Момынжанов.

Байзақ батыр – би, қазақ халқының қоқан әміршілігімен күресінің белсенді мүшесі. 1845 жылы Байзақ датқа патша мен Қоқанның әскери-саяси экспанцияларына қарсы халық-азаттық қозғалысына қатысты және Кенесары Қасымұлы сұлтанның жақындарының қатарында болды. Оның Шу-Талас өзендері арасындағы азат ету қозғалыстарына белсенді қатысуы Оңтүстік Қазақстанның халық ауыз шығармашылығында айқын көрініс тапты.

1864 жылы жазда қоқан үкіметінің аймақтық көшпелі халыққа көрсеткен езгісіне шыдамаған ол, Әулиеата маңына орналасқан орыс әскерлеріне баласы Ақмолданы қоқандтарға қарсы күресте бірігу ұсынысымен жібереді. Қазақ биінің мұндай әрекеті туралы білген Қоқандтың билеушісі Молда Әлімқұл Байзақты ұстап алып, Ташкентке алып келуін бұйырды. 1864 жылы тамызда Әлімқұлдың жеке бұйрығымен 75 жастағы Байзақ датқа жазаның ауыр түрі: тірідей зеңбіректің аузына байлап, оқпен оның денесін пәршектеді. Халық арасында аты шыққан қарт әрі батырға жасаған ауыр жаза, Ұлы жүздің руларының қоқандықтарға қарсы шығуына әкеліп соқтырды, сондай-ақ олардың көпшілігінің орыстар жағына өтуіне себепші болды.Қоқандықтар билеген заманда, бір күні бала Байзақтың үлкен атасының үйіне бес-алты зекетші келіпті.
— Сені жарлы қылған біз емес, Құдайыңа жыла. Жан басы алпыс қадақ (шамамен 200 грамм салмақ мөлшері) бидайдан, үйіңдегі алты балаңа тоғыз пұт (шамамен 16 келі салмақ өлшемі) астық төлейсің, — деп олар отырып алыпты.

Ол заманда салық төлей алмаған адамның берер ештеңесі болмаса, Қоқандықтар әйелі мен қыздарын алып кететін болған екен. Жалғыз сиырдың сүтіне қарап отырған жарлы шал қалай мақұл дей қойсын, қатты сасыпты. Сол кездің өзінде-ақ шешендігімен аты шыққан қаршадай Байзақ бала әлгі зекетшілердің үстіне келе қалса, жасы үлкендеу біреуі:

— Бала сені жұрт шешен деседі, мынау атаңды биылғы алым-салығынан босатайық. Саған сұрақ қояйын, мәселен, адамға мына көз, мұрын, қол, ауыз қаншалықты керек? Осыған табан астында жауап тауып айта қойшы, кәне? — депті.

Сонда бала тұрып:

— Тақсыр, қапылыста шыққан сөз қанжардан өткір деуші еді. Жазатайым қытығыңызға тиіп кеткендей болсам, басыма әңгір-таяқ ойнатып жүрмес пе екенсіз? — депті.

— Әу, ол не дегенің? Сөз тапқанға қолқа бар ма. Жауабың, нанымды болса, жазғырар жайым жоқ. Сөйле, қорғанба! — депті қарт зекетші.

— Е, ұлық, басымен уәде беріп, сенің сөзіңе өкпелеп не көрініпті? Бәріміз-де куәміз! — десіп, ұлықтың қасындағы нөкерлері де қаумалап әкеткен соң Байзақ бала:

— Олай болса, тақсырым, Сөйлейін сөздің тап шынын. Көз деген көпті үйіруге керек, Мұрын менменсіп шүйіруге керек, Қол жарлының малын жылатып алуға керек, ауыз алғаныңды көмейге салуға керек! – дегенде, әлгі зекетшілер үйден құр қол шығып жүре беріпті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support