- Advertisement -

«Астана» тағы да жеңілді

117

- Advertisement -

ВТБ бірыңғай лигасында топқа түсіп жатқан «Астана» баскетболшыларының сәтсіз сериясы тыйылар емес. Елорда төрінде «Нижний Новгород» командасын қабылдаған қазақстандық команда тағы да жеңіліс тапты.
Бірінші кезеңде отандастарымыз қарсыластарынан кем түскен жоқ. Шабуылға шабуылмен үн қатқан «Астана» ойыншылары алғашқы он минуттықта 18:17 есебімен басым түсті. Баскетболшыларамыздың жанарынан жеңіске деген жігерді де байқағандай болдық.
Екінші кезеңде де қазақстандық команданың ойыншылары жиі шабуылдап, есеп айырмасын ұзартуға тырысып бақты. Баскетболшыларымыз кейбір сәттерде мүлт кетіп жатты демесек, бұл кезеңде де «Астана» басымдығы байқалды. Қорытындысында екінші ширекте «Астана» 20:17 есебімен жеңіске жетіп, ұпай айырмашылығын төртке дейін жеткізді.
Өкінішке қарай үшінші ширекте қонақтардың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Осы кезең ойын тағдырын шешіп кетті. «Астана» баскетболшылары үшінші он минуттықта білгендерінен жаңылып жатты. Әдемі ұйымдастырылған шабуылдардың дені нәтижесіз аяқталды. Ал қарсыластарымыз ұпай қорын молайта берді. Қорытындысында «Нижний Новгород» 26:18 есебімен жеңіс тойын тойлады.
Шешуші кезеңде екі команданың да ойыншылары аса белсенді көрінді. Әр шабуылды нәтижелі аяқтап жатты. Қалай болған күнде де бұл он минуттықта «Астана» айқын басымдылық таныта алмады. Осылайша елордалық клуб соңғы кезеңде 27:25 есебімен жеңіске жеткеніне қарамастан, қонақтарға 73:85 есебімен ұтылып қалды.
«Астанаға» бір сілкініс керек-ақ. Дода барысында тоғыз рет жеңіліске ұшыраған отандастарымыз соңғы төрт ойында жеңіс дәмін сезіне алмай келеді. Он бір кездесуде тек екі рет басымдылық танытқан «Астананың» ойыны қайтсе түзелер екен?

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support