- Advertisement -

Қазақстан Президенті «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды

102

- Advertisement -

Қазақстан Президенті «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы клубтың спорт базасымен танысты. Онда бес футбол алаңы, спортшыларды толық бабына келтіруге арналған медициналық кешен мен жабдықтар бар. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы және мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды. Елбасы «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен әңгімелесіп, олардың спорттағы және оқудағы жетістіктері жөнінде сұрады. «Елімізде спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда керемет нәтижелер көрсетуде. Бізде бокс, күрес, жүзу, жеңіл атлетика және спорттың басқа да түрлерінен олимпиада чемпиондары бар», — деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде стадиондар кешенді қайта жөндеуден өткенін, мемлекет тарапынан футболды дамыту үшін жүйелі қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жас спортшыларға зор денсаулық тілеп, жарқын жеңістерге жетулеріне ниеттестік білдірді.

d68aa2d671b3350b0fa6e802bad3d941 baf0963cd8b0b999c59810b8f7de4c37

 

ақпарат көзі tengrinmews.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support