- Advertisement -

Мекемтас Мырзахметұлы: Ресей астанасының атауы қазақ жігітінің құрметіне қойылған

74

- Advertisement -

Сыр өңіріне барған белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы AlashInform.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресей астанасының атауы Мәскеу қазақ жігітінің құрметіне қойылғанын айтты.

«… Сізге бір ғана мысал айтайын. Болгар тарихшысы Киевский русьті Сұңқар деген қазақ басқарыпты деген мәліметті тапқан. Оған Соколов, Станислав деген ат қойған. Ол сол елде тұрып, орыс қызына үйленген. Ресейдің мемлекеттік жүйесін құрып, жасаған осы қазақ болған. Кейін осыны жасырып қалу үшін Киевтің ұлы князі Владимир Мономах жазбалардың бәрін өшіріп, көзін жойып, орнына жалған құжат жасаған екен. Біз осыған 1860 жылдан бері сеніп келдік. Сөйтсек бұл өтірік екен. Бұны Болгар тарихшылары айтып берді», — дейді ғалым.

Оның айтуынша, Мәскеуді 1088 жылы Асат Мосқау деген жігіт билеген. Мәскеудің халқы оны жақсы көргеннен оның атын Мәскеу дегенге айналдырып жіберген көрінеді.

«Сонда орыстың астанасының аты Мәскеу қазақтың есімінің құрметіне қойылған және орыстың мемлекеттік жүйесін Сұңқар деген қазақ құрған.

Дәл қазіргі уақытта біз ұлы Абайды барынша тануға күш салып, құлдық санадан арылуымыз керек. Ресейдің мұрағаттарында бізге қатысты құжаттарды жойып тастауында үлкен мән бар. Кеңестік билік қазақтың басын көтертпей, бақылауында ұстап отырды. Шын мәнісінде біз қанымыз таза, ойымыз сергек, дүниетанымы өте терең халықпыз», — дейді Мекемтас Мырзахметұлы.

ақпарат көзі: Baq.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support