- Advertisement -

Жамбыл облысында қуаттылығы 4 мың тоннаға дейінгі құс фабрикасы іске қосылды

151

- Advertisement -

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің 10-жылдық мерейтойында Қазақстанның АӨК кезекті жобасы іске қосылды. Жамбыл облысының Байзақ ауданында жылына 4000 тоннаға дейінгі бройлер етін өндіретін «Әулие-Ата Феникс» ЖШС құс фабрикасы жұмысын бастады. Жалпы құны 2 млрд.теңгені құрайтын жобаны қаржыландыру «ҚазАгро» холдингінің құрылымындағы компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ қатысуымен жүзеге асырылды.

Жаңа өндіріс бұрынғы 1978 жылы салынған, бірақ 90-шы жылдардың басынан бастап жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған ескі өсіретін құс фабрикасының базасында құрылды.

Жобаны іске асыру барысында 16 құс қорасына, қоймаларға, зертханаларға, әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды, сою және құрама жем цехтары қалпына келтірілді, инкубатория салынды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 547 млн.теңге сомасына нысанды салу кезінде коммуникациялық жүйелердің кеңейтілген желісі жүргізілді: су құбыры, су арналары, газбен жабдықтау, электрлендіру, сондай-ақ тазарту және су жинайтын құрылғылар құрылған.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлінген қаражатқа сонымен бірге бройлерлерді еденде бағып күтуге арналған жабдық, құс қорасына жылытқыштар, құс қорасын басқару жүйесі, инкубациялық және тоңазытқыш жабдықтары, құрама жем өндірісі жабдығы, сою желісі сатып алынды, қажет арнаулы техника сатып алынды.

«Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісованың айтуынша, кәсіпорын «Халал» стандарты бойынша жоғары сапалы ет шығаратын болады. Құс фабрикасы жергілікті нарыққа және Қазақстанның басқа қалаларына ет жеткізуді жоспарлайды, көрші Ресей, Қытай, сондай-ақ Вьетнам елдеріне өнімді экспорттау туралы ұсыныстар түсуде.

«Жамбыл облысында бройлер етін шығаратын құс фабрикасын құру – «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған жобалардың бірі. Осындай жобалар, елде қажет өнімді шығаратындар және өңірлерде жұмыс орындарын құратындар үшін ғана пайдалы емес, сондай-ақ аграрлық салада басқа бағыттарды ынталандырушы, көптеген аралас кәсіпорындарға жұмыс беретіндер үшін де пайдалы», — деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Бауыржан Сәбитов.

Құс фабрикасының ашылуына Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаев қатысты.

«Бүгін, индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде біз «Әулие-Ата Феникс» ЖШС жобасын ашамыз. Бұл бізге жақын өңірлерді сапалы экологиялық азық-түлік өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, аймақтың бюджетіне салық түсімін арттырады. Осының бәрі жалпы ауданның әл-ауқатын жақсарту үшін оң тиімділігін көрсетеді, Жамбыл облысымен қатар жалпы еліміздің экономикалық дамуына ықпалын тигізеді. Сіздерді, жаңа зауыттың ашылуымен, Қазақстанның 25-жылдығымен және Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын. Мен бұны облыстың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі маңызды оқиға ретінде бағалаймын және сіздерге алдағы жұмыста табыс тілеймін», — деді өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев.

Жалпы, республика бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингімен құс фабрикаларының құрылысы бойынша 24 жоба мақұлданғанын атап өту қажет. Олардың жиынтық құны 46,7 млрд. теңгені құрайды, ал жалпы өндірістік қуаты: жұмыртқа бойынша жылына 880,1 млн. дана, ет бойынша жылына 96,4 мың тонна. Бүгінгі күні әр жылы қаржыландыруға мақұлданған жобалардың жалпы санының 22 кәсіпорын іске қосылды, құны 36,6 млрд. теңге.

ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық қоржыны бүгінгі күні 530 инвестициялық жобаны құрайды, оның жалпы құны324,0 млрд. теңге, құрылған жұмыс орындарының саны пайдалану кезеңінде шамамен 16,0 мың. Жалпы құны 287 млрд.теңгенің 496 жобасы пайдалануға берілді, шамамен 15,4 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде ағымдағы жылы жалпы құны 32,5 млрд. теңгенің 46 инвестициялық жобалар іске қосылды, 1390 жұмыс орындары құрылды.

ақпарат көзі: Baq.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support