- Advertisement -

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ

127

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған іс-шаралар Тараз қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында көк байрағымызды көкке көтеру салтанатынан бастау алды.

 Мереке құрметіне еліміздің Әнұраны шырқалып, саябақ төріне тігілген мемлекеттік Туымыз көкте желбіреді. Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде елдің асқақ рухының айнымас бейнесі болған байрағымыздың әрқашан биіктен түспей, бейбітшілік пен татулық орнаған еліміздің абыройы арта беруіне тілектестігін білдірді және егемен еліміздің жеткен жетістіктері сарабдал саясаткер, көреген Көшбасшымыз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты екенін атап өтті.

Қытайдан елге оралған қандастарымыз Ермұрат Зейіпхан мен Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» әні аясында мемлекеттік Туымыз асқақтатылды, көпшіліктің көкейіндегі патриоттық рухты оятып, ерекше сезімге бөледі.
«Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі…» деп басталған сазды әуен құстай қалықтап, әуелеп ауаға тарап барады. Саябақ аумағы қуаныш құндағында тербеліп, шалқи түсті.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support