- Advertisement -

Алина Квактың жобасы жоғары бағаланды

57

- Advertisement -

Аудан орталығындағы №51 орта мектепте аудандық «Жастар коммуналдық-ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 – болашақтың энергиясы» тақырыбында аудандық конференция өтті. Жиналғандардың алдында ауданның көптеген мектептерінің үміткерлері өз жобаларын қорғады. Қатысушылар алдымен өздері таңдап алған тақырыптың мәнін ашатын көрме таныстырды. Баламалы энергия көздерінің артықшылығын насихаттайтын түрлі иллюстрациялар мен суреттерді, макеттерді көрсетіп, оларды пайдаланудың табиғат қорғаудағы маңыздылығын ашуға тырысты. Тақырыпты мейлінше жан-жақты ашып көрсеткен аудан орталығындағы №2 мектептің алтыншы сынып оқушысы Алина Квактың жұмысы жоғары бағаланды. Ол өз жобасында еліміздегі ЭКСПО тақырыбына айналып отырған жасыл энергия көздері – судан, желден және күннен электр қуатын өндіру тәжірибелері Қордай ауданында аса белсенділікпен қолға алынып жатқанына жергілікті мысалдардан деректер келтірді. Қордай асуында желден қуат өндіретін алып генераторлардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Жеңімпазға ұйымдастырушылар атынан бірінші дәрежелі диплом және бағалы сыйлық – микротолқынды пеш тарту етілді. Сондай-ақ, Отар, Қақпатас, Ноғайбай, Степное ауылдарынан қатысқан оқушылардың жұмыстары да әр қырынан атап өтілді.

Құрманбек ӘЛімжан,
«Ақ жол».

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support