- Advertisement -

Монро Головкинге қарымта қайтармақ

119

- Advertisement -

Америкалық боксшы кіші Вилли Монро Boxingnewsonline.net-қа берген сұхбатында өткен жылғы жеңілісі үшін қазақстандық Геннадий Головкиннен реванш алғысы келетінін айтты.

«Рингте өз атыма лайықты болуым тиіс. Мені Мангуст деп тегіннен атамайды ғой: үнемі соққылар жасаймын және өзімді ұруға мүмкіндік бермеймін. Бірақ Головкинмен комментаторлар мен жанкүйерлер қалағандай айқастым. Ең қауіпті жігітпен жекпе-жекке шыққанда жеңіс туралы ғана емес, қалай шоу жасауға болатындығын да ойлауың керек. Менің қарсы соққыларым өте мықты. Жуырда рингке қайта ораламын. Сондероспен Головкиннен бұрын кездесемін деп ойлаймын, өйткені GGG-ге бұл белбеу қажет. Ал мен, маған екінші мүмкіндік берілгенін қалаймын», — деді Монро.

Еске салайық, Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегі 2015 жылдың 16 маусымында өтті. Қазақстандық боксшы 6-раунда техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл туралы Sports.kz жазды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support