- Advertisement -

Рио олимпиадасының ашылу салтанаты қандай тосын сыйлар дайындауда

205

- Advertisement -

Санаулы сағаттардан соң, 5-ші тамыздан 6-сына қараған түні Рио-де-Жанейрода XXXI жазғы олимпиада ойындарының алауы ресми түрде жағылып, ашылу салтанаты өткізіледі. Ал ашылу салтанатында жанкүйерлерді қандай тосын сыйлар күтіп тұрғандығы туралы аздаған шолу жасап өтейік.

8570e8ef5059b1311ddc6b449bba5e76

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Төрт жылдықтың басты додасы алғаш рет Оңтүстік Америкада өткізілгелі отыр. Бразилияның әу бастан карнавалдар мен көңілді мерекелердің отаны екені белгілі. Демек, ашылу салтанаты да түрлі-түсті түстерге боялатыны анық. Әрине, ұйымдастырушылар негізгі қызықтарды құпия ұстап отыр. Салтанатты шараның сценариі басталуға бірер сағат қалғанда ғана белгілі болмақ.

Ашылу мерекесі “Марио Филью” стадионында өтеді. Бірақ, аталмыш стадионның атауы көпшілік пен спортшылар арасында “Маракана” деген атпен таныс.

be703fe6f086405506fe75ce672ba84e
Бұл қайта құрылымдауға дейін 200 мың көрерменді сыйдырған, 2014 жылы Германия құрамасы футболдан әлем чемпионы атанған арена. Қазір мұнда 79 мың адам кіре алады. “Мараканада” ашылу және жабылу салтанатымен қатар, футбол матчтары өткізіледі.
5726f4cb1d7e1183f4f18bebf6a1bd6d
olympteka.ru

Олимпиаданың ең көңілді шарасына 6 мыңдай ерікті тартылған. Олардың тең жартысы бишілер. Оларды дайындайтын тағы 300-ден астам кәсіби би мамандары бар. Таңқаларлығы жоқ, Бразилия бұрыннан-ақ бидің отаны. Шоудың самба, ламбада секілді танымал билермен басталуы да заңдылық. Негізінен ашылу салтанатында барынша ұлттық ерекшеліктер ескерілмек.

e8fd6cb017780e234514f65805e89fd0

Ойындардың ашылу салтанаты үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте, көрермендер Бразилия тарихынан хабар беретін театрландырылған көрініс тамашалайды. Одан соң мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер көрсетіледі. Рәсім барысында 2 мың түрлі түсті пистолет пен 110 үлкен жарық құрылғылары жұмыс істейді. Сондай-ақ, үш тоннадан астам пиротехниканың да қолданылатынын айта кету керек.

Трибунадан керемет кешті 78 мың адам көре алады. Айтпақшы, бір орынның ең төменгі бағасы 2 мың доллар. Ал ең қымбаты 4 мың доллар.

6456659f87eec3f1b0cb2f07162b9a7d

Жалпы шеру кезінде 12 мың спортшы мен команда өкілдері жүріп өтеді. Қатысушылар соңында барлығы бір-бір ағаштан отырғызып, олимпиадалық саябақтың көркеюіне үлес қоспақ.

8570e8ef5059b1311ddc6b449bba5e76

Басты назар туристер мен спортшылардың қауіпсіздігіне аударылады. Ашылудан жабылуға дейін Рио көшелерінде 85 мың полицей мен әскерилер кезекшілік жасайды.

9a7fbfc6c04b8e7aba81fddc76e5a215

Трансляция барысында шоу-бағдарламаны ашатын модель Жизель Бюндхенді де байқай аламыз. Әншілерден сахнада Каэтан Велозу мен Анитта өнер көрсетеді. Ал олимпиада алауын “футбол королі” Пеле жағады.

00e560b892e3060a5c15354ae69836dc

Шоудың басты қоюшысы өз уақытында “Оскар” сыйлығын алған бразилилық режиссер Фернанду Мейреллиш. Ол ашылу салтанатына Лондон олимпиадасының ашылу мерекесіне қарағанда 10 есе төмен қаражат жұмсалғанын айтты. Лондонда ашылу шарасына 42 миллион доллар жұмсалған.

5a1c0739015ddedcefc012a61268c679

Ал салтанатты шараның продюсері, Турин қысқы олимпиадасын “ашып-жапқан” Марко Балич. Ол 2008 жылы Пекинде де менеджерлердің бірі ретінде қызмет етті. Сонымен қатар, Сочи олимпиадасында Балич көркемдік жетекшілердің бірі болған еді.

60d14ae817be0f6d2ea84de969e9eeef

Шеру мен шоу-бағдарламаны қоса есептегенде ашылу салтанаты үш сағатқа созылады. Қазақстан құрамасының шығуын шамамен орта шеніне қарай күтуге болады. Еліміздің көк байрағын таэквондошы Руслан Жапаров алып шығады.

1487bd10e9ba2cd42ceb953e78acdf8e

Олимпиада ойындарының ашылуын Астана уақытымен тамыздың 5-інен 6-сына қараған түні 04.55-те тамашалауға болады. Трансляция “Қазақстан”, KazSport және “Хабар” арнасынан таратылады.

Бұған дейін біздің боксшылардың алғашқы қарсыластары жәнедзюдошыларымыздың алғашқы кездесулері туралы жарияланған. Ал “Қазақстан” және “Kazsport” телеарналарынанолимпиада ойындарының көрсетілімдерін тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support