- Advertisement -

Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды

96

- Advertisement -

Германияда шарап дайындайтын өңірлерде ұйымдастырылатын дәстүрлі «Шарап ханшайымы» сұлулық конкурсында алғаш рет мигрант қыз жеңіске жетті.

26 жастағы Нинорта Бано үш жыл бұрын туған қаласын соғыс өрті  шарпыған кезде Сириядан Германияға  қашып келді.

— Мен Германияның қонақжай ел екендігін және немістер  босқындардың интеграциясы тез әрі табысты өтуі жолында белсенді жұмыс істеп жатқандығын көрсеткім келеді,-деп мәлім етті Бано салтанатты марапаттау рәсімі кезінде.

Қазылар алқасының мүшелері Нинорта тек өзінің сұлулығымен ғана емес, конкурстің басты шарты — шарапты  білуімен де ерекше көзге түскендігін атап өтті.

Айта кеткен жөн,  «Шарап ханшайымы» сұлулық конкурсы  1930 жылдан бері жыл сайын Германияның 13 шарап шығарумен айналысатын  өңірлерінде өткізіліп келеді, деп жазады life.ru.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support