- Advertisement -

Еуро – 2016: Мықтылар іріктелді

92

- Advertisement -

Тұңғыш рет 24 команда қатысып жатқан футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінен сүрінбей өткен мықтылардың біразы 1/8 финалдағы кездесулерін өткізіп, ширек финалға шықты. Ең қызығы, бұл додада тұңғыш рет өз тобында бірде-бір жеңіске қол жеткізбеген Португалия елінің саңлақтары ширек финалға шықты.
Құрамында Криштиану Роналду секілді футбол әлемінің жұлдызы бар португалиялықтар өз тобында өткізген үш ойында да тең түсті. Алдымен Исландия құрамасының тас қамал қорғанысын бұза алмаған олар 1:1 есебімен тең тарқасса, екінші кездесулерінде Австриямен ұпай бөлісті. Кездесуде есеп ашылған жоқ. Үшінші ойында Венгриямен 3:3 есебімен тең түскен португалдықтар үшінші орынмен өз топтарынан әрең шықты. Соңғы ойында Криштиану Роналду екі доптың авторы атанып, өз командасын өрге сүйреді. Бұл доданың басты қызығы – өз тобынан үшінші орын алып, үздік көрсеткішке ие болған төрт команданың үздік он алтының қатарына енуі. Егер ереже бұрынғыдай қалғанда, Португалия өз тобынан шыға алмас еді… Футбол тарихында болмаған жағдай.
Өз тобынан сүйретіліп әрең шыққан Португалия футболшылары 1/8 финалда тағы да тең ойынға қанағат десті. Тоқсан минут бойы Хорватия құрамасы қақпасының кілтін таба алмады олар. Десе де экстра таймда португалиялықтар сапынан көзге түскен Куарежма командасын ширек финалға алып шықты. Енді Португалия ойын соңынан кейінгі он бір метрлікте швейцариялықтардың аптығын басқан Польша жігіттерімен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Сонымен қатар, ширек финалға Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтқан Уэльс, Ирландия құрамасын 2:1 есебімен еңсерген Франция, Венгрияны 4:0 есебімен тас-талқан еткен Бельгия, Словакияны 3:0 есебімен ойсырата ұтқан Германия құрамалары жолдама алды. Кеше тағы екі ойын өз мәресіне жетті…
Биылғы Еуропа чемпионатының басты фавориттері Франция, Германия құрамалары саналады. Әйткенмен, өзге командалардың да өз айтары бар екені анық.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support