Жүректегі жазу

«Иман – жүректе» дегенді жиі естуші едік. Алайда, қанша естісек те, осы сөздің мәні мен маңызын түсінбей келіппіз. Бұл тұрғыда жақында газетте жарияланған Түркия елінің белгілі оташы-дәрігері, медицина ғылымының докторы Халик Нұр Бакыйдың мақаласы сенсациялық оқиға болды десем, артығы жоқ. Ол былай деп жазыпты: «Бірде мен лупа арқылы дәрігерлік картаны қарап отырғанымда, бір фотосайтқа көзім түсіп, аң-таң болдым. Ондағы жүректің суретінде «Аллаһ» деген сөз жазылған екен. Өз көзіме өзім сенбей, қайта бажайлай қарадым. Ал жазу анық, қолмен жазылғандай әдемі. Көңілімдегі күмәннен арылу үшін қабырғада ілулі тұрған легеншедегі «Аллаһ» жазуымен салыстыра қарадым. Екеуінің де бірдей екеніне көзім жетті. Жүректегі жазудың еш қатесі жоқтығына күмәнім қалмады. Бұл жазу осы суретте ғана ма? Мұның өзі кездейсоқ нәрсе болуы мүмкін бе? Осынау сұрақтардың жауабын мен ота жасау кезінде ғана табуым мүмкін. Өз көзіммен көрмесем, не деуге болады? Кейін жүрекке операция жасау барысында мұны еш уақытта естен шығарған емеспін. Сөйтсем, дәл сондай жазу әрбір жүректе болады екен. Бәлкім, базбіреулер мұныма сенбей, мысқыл мен әжуа күлкіге кенелер. Сенбесе, мейлі, сол сенбейтіндердің жүрегінде де осы жазу бар. Жүрек тіндері бұлшық ет талшықтарының тұтаса араласуынан тұрады. Әйтсе де, «Аллаһ» деген мөр басылған жерінде осы жазу анық көрінсін деп әдейі жаратылғандай. Ол жерде мұндай талшықтар жоқ. Сондай-ақ, жүрек «Аллаһ», «Аллаһ» деп соғады».
Осындайда жүрегімізді әмісе таза ұстап, иманды, адал болуымыз керектігі еріксіз ойымызға оралары бар. Өйткені, иман жүректен басталады.

Ердахмет ДОСТЕМЕСҰЛЫ,
еңбек ардагері.

Шығанақ кенті,
Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/