- Advertisement -

Ата Заңның шұғыласы алыстан көз тартады

78

- Advertisement -

800x450_prokuror_IMG_++4576Ернат СЫБАНҚҰЛОВ,
облыс прокуроры.

Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің жолын айқындап берді. «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», – деді Елбасы. Міне, енді еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам басты.
Шындығында, біле білгенге Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Өткенге көз жүгіртсек, желтоқсан айында Кеңес үкіметі құрамындағы Қазақстан өзінің Тәуелсіз мемлекет болатынын жария етті. Содан кейін еліміздің ең бастапқы, құқықтық, саяси, идеологиялық негізгі құжаты – Тәуелсіздік декларациясы қабылданды. Ол кейіннен биыл 20 жылдығын атап өткен Қазақстан Республикасының Конституциясының негізін қалады.
Қазақстан Республикасы – басқа дамыған мемлекеттерге қарағанда едәуір жас мемлекет. 24 жыл тарих өлшемімен алғанда өте аз, бірақ осы өткен жылдар бедерінде еліміз үлкен белестерді бағындырды. Толығымен жаңа Парламент, сот жүйесі құрылды. Бұрынғы жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға көшіп, дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанға лайықты бағасын берді. Тікелей Мемлекет басшысының ықпалымен құқықтық салада жасалып жатқан реформалар, бұрынғы посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Республикасының озат келе жатқанын толығымен дәлелдеп бергенін айта кету керек. Бұл – құқықтық-зайырлы мемлекетті құруға негіз болған Конституциямыздың жемісі.
Тәуелсіздік алған жылдары еліміз өтпелі кезеңді бастан кешірді, көптеген қиыншылық­тарға кездесті. Осы уақыт аралығында дұрыс шешім қабылдаған мемлекетіміз гүлденіп дамыды. Біз сол өтпелі кезеңнен өту үшін жасаған дұрыс қадамымыз осыдан 20 жыл бұрын 30 тамызда қабылдаған Ата Заңымыз деп мақтанышпен айта аламын. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, болашаққа бастаған нақты қадамдарының арқасында алдағы уақытта да барлық кедергілермен қиыншылықтардан сүрінбей өтеміз деген ойдамын.
Дүниежүзілік рейтингіде Қазақстан бүгінде өзіндік орнын айшықтап үлгерді. Еліміз бүгінде БҰҰ-ның, ТМД-нің, өзге де ықпалды халықаралық ұйымдардың толық құқылы мүшесі болып, жаһандық мәселелердің оң шешілуіне айтарлықтай үлесін қосып келеді. Бірақ, Қазақстан мұнымен тоқтамайды, Елбасымыз өзі ұсынған Ұлт жоспарында, жаңа Жолдауында дамудың нақты тетіктерін айқындап берді.
Өркендеу өрісінің кеңеюінде елімізде берік орныққан ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің тигізген ықпалы зор. Елбасының қамқорлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірлігін нығайту жолында алаңсыз еңбек етіп жатыр. Бұл – Президент бастаған жасампаз істердің жарқын үлгісі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауында таяу жылдарда еңсеруге тиіс маңызды міндеттерді белгілеп берді. Бұл тұрғыда құқықтық салаға артылып отырған жауапкершілік те жоғары. Облыс прокуратурасы өңірімізде заңдылықты нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстарды атқаруда. Атап айтсақ, үстіміздегі жылы прокуратура органдары 800-ге жуық тексеру жүргізіп, прокурорлық ықпал ету актілерін енгізу арқылы 64 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады. 1,5 миллиард теңгеге жуық залал өндірді. Заң бұзған 5000-нан астам тұлға тәртіптік, әкімшілік, материалдық шара қолданылды. Оның 32-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2,5 мыңға жуық мемлекеттік органдардың заңсыз актілері жойылып, соңынан заңға сәйкестендірілді. Қылмыстық істерді тергеу саласында, сотта әкімшілік, азаматтық, қылмыстық істерді заңды қарастыруды қадағалау жұмыстарының дұрыс жүргізілуі қамтамасыз етілуде.
Мемлекет басшысы жылдың басты құжатында бізді алда үлкен мақсат-міндеттер күтіп тұрғанын айтты. Осы міндетті орындауда прокуратура органдары да аянып қалмайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support