- Advertisement -

Түркиядан Қазақстанға тауар әкеле жатқан ондаған жүк көлігі Ресей шекарасынан өте алмай тұр

76

- Advertisement -

дбРесей және Грузия аумағы арқылы Түркиядан Қазақстанға тауар әкеле жатқан ондаған жүк көлігі  грузиндік “Казбеги”  мен ресейлік “Верхний Ларс” кедендік-өткізу бекеті арасындағы бейтарап аймақта Ресейге кіруге рұқсат күтіп, әлі тұр.

Бұл туралы  РИА Новости Грузияның қаржы министрлігі кіріс қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бұрын РФ ауыл шаруашылығы басшысы Александр Ткачев үкіметтің Ресей ауыл шаруашылығы қадағалау комитетіне Түркиядан әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ Ресей шекарасында және Түркияның өзінде өндірісте қосымша тексерулер ұйымдастыруды тапсырғанын мәлімдеді.

“Бейтарап аймақта қазіргі уақытта 30-ға жуық машина тұр, жағдай әзірге өзгерген жоқ”, — деп хабарлады Кіріс қызметінен.

Жүргізушілердің өздері журналистерге шекарадан қашан өтетінін білмейтіндіктерін айтты. Жүргізушілердің айтуынша, олар өз жұмыстарын ғана атқаруда және екі ел арасындағы саяси процестер бұл істе оларға кедергі келтірмеуі тиіс.

“Ресейлік тарап бізді Қазақстанға түрік тауарларын тасымалдайтындықтан, жібермей отыр. Мұнда тұрғанымызға бірнеше күн болды. Мұнда Әзірбайжан, Түркия, Армения азаматтары тұр, негізінен барлығы Түркиядан жүк тасымалдайды”, — деді жүргізушілердің бірі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support