- Advertisement -

Эстефан Головкин мен Лемье жекпе-жегінің қалай өтетіні жайында айтып берді

56

- Advertisement -

Эстефан Головкин мен Лемье жекпе-жегінің қалай өтетіні жайында айтып берді


Давидтің менеджері Эстефан Лемье мен қазақстандық боксшы Головкин арасындағы жекпе-жектің қалай өтетіні жайында айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz Tvasports.ca басылымына сілтеме жасап.

«2005 жылғы Артуро Гаттиден кейін Давид Madison Square Garden-де жұдырықтасатын бірінші квебектік болады. Головкин мықты боксшы, одан көп проблема күтуге болады. Бірақ Давид сондайды жақсы көреді», — дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер барысында олар екі түрлі аспектіге назар аударған: бокстың өзі және жекпе-жек үшін гонорар.

«Біз дайын едік, бірақ қаржы мәселесін шешіп алу керек болды. Ақырында ұсыныс біздің көңілімізден шықты. Головкин — әлемдегі ең үздік бестіктің қатарына кіретін боксшы. Давид онымен жұдырықтасуға дайын деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жекпе-жек Лемьені мансап жолында келесі деңгейге көтеруі мүмкін және біз Нью-Йоркке жеңіс үшін барамыз. Бұл керемет кездесу болады. Головкин мен Лемье — жекпе-жекті нокаутпен аяқтауды әдет қылған жігіттер, олар бұл кездесуде бар күштерін салады. Бәрімізді естен кетпес шоу күтіп тұр», — деді Эстефан.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support