- Advertisement -

Суғарудың сан түрлі әдістері бар

218

- Advertisement -

олар сынақтан сүрінбей өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес халықтық реформада өндіріске инновацияны кеңінен енгізуге ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде дүниежүзінде суды үнемдеу техно­логияларының сан түрі қолданыста. Оның ішінде тамшылатып, жаңбырлатып және топырақ астымен суғару технологиялары бар.

Қазақстанда судың 70 пайыздан астамы суармалы егіншілік үлесіне тиесілі. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты суғарудың суды үнемдеу технологиялары бойынша үш жылдық ғылыми зерттеулерін облысымыздың Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылында орналасқан тәжірибелік-өндірістік учаскесінде (ТӨУ) жүргізді. Аталған учаске Қазақстанның оңтүстік өңіріне тән климаттық, топырақтық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және шаруашылық жағдайларға сәйкес таңдап алынды. ҚазСШҒЗИ ғалымдары тамшылатып және топырақ астымен суғару арқылы пиязды, сәбізді, асханалық қызылшаны және жеміс ағаштары тәлімбағын өсіруді өндіріске енгізді. Осы енгізілген технологиялар дәстүрлі жүйектер арқылы суғарумен салыстырғанда, көкөніс дақылдарын тамшылатып суғару барысында суды 50 пайызға дейін, ал топырақ астымен суғарған кезде шамамен 40 пайызға дейін үнемделді. Минералдық тыңайтқыштар аз мөлшермен ауыл шаруашылығы дақылдарының тамыр жүйесіне тікелей енгізілді, сондықтан пайдасыз шығындар болған жоқ. Ал жүйектер арқылы суғарған кезде тыңайтқыштардың бір бөлігі танаптың сыртына қарай шайылып кетеді. Нәтижесінде минералды тыңайтқыштар 40-тан 63 пайызға дейін үнемделді. Сондай-ақ, жаңбырлатып суғарылған асханалық қызылшаның өнімділігі гектарына 25,7 тонна болса, тамшылатып суғарған кезде дақылдың өнімділігі гектарына 32 тонна болды. Топырақ астымен суғарылған дақылдың өнімділігі гектарына 32,4 тонна болды. Жаңбырлатып суғарумен салыстырғанда оның өнімділігі 26 пайызға артық. Тамшылатып және топырақ астымен суғару жүйелерінің қолданылуы суғару үдерісін автоматтандыруға мүмкіншілік береді, яғни адамның қатысу үлесін азайтады.
Нәтижесінде ҚазСШҒЗИ ғалымдары жаңа буынды техникалық құралдарын пайдаланып, ирригациялық жүйелерді жаңғырту бойынша шаралар кешенін жасады. Аталған шаралар кешені Қазақстандағы суғармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қарастырады және суғару жүйелерінің техникалық деңгейін және пайдалы әсер коэффициентін 0,75-ке дейін арттырып, үйлесімді мелиоративтік режимді құруға бағытталады. Осы шара­лардың орындалуы суғару жүйелерін пайдалану шығындарын 15-25 пайызға дейін азайтуға, су ресурстарының 20-30 пайызға дейін үнемделуіне, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің 1,5-2,0 есе артуына және рентабельдік деңгейінің 40-50 пайызға дейін өсуіне септігін тигізеді.

Александр Калашников,
«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Суғару технологиясы және техникасы» бөлімінің меңгерушісі.

Салтанат ҚАЛДАРОВА,
бөлімнің ғылыми қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support