Отанды бастауда бақытқа

28Шырын Мамасерікова,
ақын,
Қазақстан
Жазушылар
одағының мүшесі.

Шаттықтың самалы ессін деп,
Сәбилер мұқтажсыз өссін деп.
Әл-ауқат нығайып жатқанын,
Жолдаудан бар әлем сезсін деп.

Жібермей дағдарыс, нарыққа,
Жақсылық жасауда халыққа.
Әр жылғы Жолдаумен Елбасы,
Отанды бастауда бақытқа.

Бойға күш, ойға нәр бергізер,
Әр сөзі ертеңге сенгізер.
«Нұр жолы» шын анық ақиқат,
Азаттық көшіне енгізер.

Шуағын шашатын тірлікке,
«Нұр жолы» шақырар бірлікке.
Жолдауды қуана қолдаған,
Ақыннан басқаша жыр күтпе!..

Comments are closed.

https://4store.com.ua/