Ұлыс күні 7 күн тойланды

Біреулер қазақты «жылқы мінезді» деп жатады. Болса болар, қалай десек те ескі жыл ұлттық құндылықтарымыздың ұлықталуымен де ерекше есте қалды. Жылқы жылында ат спортына айрықша көңіл бөлініп, ата-бабаларымыздан қалған төл мұраларымызды жаңғыртуға мықтап ден қойылды. Дәстүр-салтымызды дәріптеуде де ұтқанымыз көп болды. Ұлы даланың ұлық мерекесі әз Наурыздың 7 күн бойы тойлануы – соның бір көрінісі.


Жылқы жылында Ұлыстың ұлы күнін еліміз апта бойы мерекеледі. 17 наурыздан бастап 23-іне дейін жалғасқан Ұлыс күнінің әрбір күнінде өз атауына қарай ізгі шаралар ұйымдастырылды. «Шапағат күні», «Жаңару күні», «Ынтымақ пен береке күні», «Наурыз шашу» мен үш күнге ұласқан «Ұлыстың ұлы күнінде» дәстүр-салтымыз түгелдей дерлік қайта жаңғырды. Сонысымен көктем мейрамының мәні мен мазмұны ашыла түскендей. Жалпы, нағыз жыл салтанаты да осы деуге болады.

Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».

Comments are closed.

https://4store.com.ua/