Елбасы Жамбыл облысының әкімін қабылдады

10Астана. 18 қыркүйек. Baq.kz — Кездесу барысында К.Көкірекбаев Мемлекет басшысына Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен өңірді дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы өңірдің жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында ылғал сақтау технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев облыста мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын индустриялық жобаларға айрықша назар аударды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/