- Advertisement -

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

32

- Advertisement -

Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алмас Сәдубаев 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.

2005-2008 жылдары жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры болған.

2008-2010 жылдары республикалық басылым «Заң» газеті және журналының бас редакторы қызметін атқарған.

2010 жылы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының баспасөз хатшысы болған.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы қызметінде болған.

2011-2015 жылдары «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры болып, 2015 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support