- Advertisement -

6 шілдеге – 6 көпір

73

- Advertisement -

Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында бас-аяғы 14 көпір бар екен. Бұл ауыл Алатаудың етегінде жатқандықтан су жиналып ағатын табиғи сайлары көп. Сондықтан мықты көпір керек. Көктем, күз айларында жауын-шашын мол түсіп, таудан аққан су жиі тасқынға айналатындықтан бұл жақтың көпірлері үнемі қауіп-қатер аймағында қалады.

Есет ДОСАЛЫ

Міне, Б.Момышұлы ауылында еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының мерекесі 6 шілдеге орай 6 көпір күрделі жөнделіп, ел игілігіне берілді. Атап айтқанда Ы.Алтынсарин көшесі мен Ш.Үлеков көшесін, Тәуелсіздік көшесі мен Рысбек батыр көшесін, Боранды көшесі мен А.Тұрысбек көшесін жалғап жатқан көпірлер күрделі жөнделіп, ине — жіптен өткендей жаңарды. Көпірдің екі шетіне жолаушылар үшін қауіпсіз тіректер қойылды. Осы көпірлермен өзіміз де өтіп көрдік. Ыңғайлы, қолайлы. Бұрынғыдай қауіпті емес. Енді тұрғындар өтіп бара жатып: «Көпір сынып кетер ме екен» деп қорықпайды. Осындай сапалы жөндеу Бәйтерек көшесі мен Елшібаев көшесін, Қ.Рысқұлбеков көшесі мен Абылайхан көшесін, Ш.Уәлиханов көшесі мен Жанқожа батыр көшесін де қамтып отыр. Әр көпірмен күніне жүздеген адам өтсе, алты көпірдің қызметін есептей беріңіз. Жалпы, осы алты көпірдің құрылысына жергілікті бюджеттен 17 миллион 700 мың теңге бөлініп, игерілген. Көпірлердің құрылысына мердігер компаниялар – «Алатау-Бәйтерек», «Қарақат-2017» ЖШС, «Алфавит» және «Галаев» жеке кәсіпкерліктері үлес қосты.
– Тұрғындар осынша көпірдің сапалы жөнделіп, игілікке айналғанына өте риза. Бұл біздің Астана күніне тартуымыз болып отыр. Мердігер компанияларға рахмет. Батыр Бауыржан атындағы ауылды одан әрі көркейтуге күш сала береміз, – дейді Б.Момышұлы ауылдық округінің әкімі Көбейсін Қайралапов.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support