- Advertisement -

Ерлік ескірмейді

103

- Advertisement -

«Архив–2025» бағдарлама-сындағы тапсырмаларды орындау мақсатында облыстық мемлекеттік архив ғимаратында «Архив – тарих қазынасы» атты фотоқұжат көрмесі өтті.

Іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевқа көрме жұмысын облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева мен облыстық архивтің бөлім меңгерушісі Сағындық Зейноллаұлы таныстырды. Аталған көрме облыстың құрылған сәтінен бастау алады. Іле-шала 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысындағы суреттер де қамтылған .
Мұнан соң облыстық архив қызметкері Әділбек Баққараұлы құрастырған «Ерлік ескірмейді» және Тараз қалалық архивтің директоры Нұрхат Серікбаев құрастырған «Қоныстанушылар» (Әулиеата жеріне қоныс аударған поляктар туралы) екі жаңа кітаптың тұсауы кесілді.
«Ерлік ескірмейді» кітабының тұсауын облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев кесіп, «Қоныстанушылар» кітабының тұсауын кесу құрметіне «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат пен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев ие болды. Бастысы, Отан үшін отқа түскен, қиын күнде етігімен су кешкен батырлардың есімдері жас ұрпақ жадында жаңғырып тұратын болды. Бұл – кейінгі буынды тәрбиелеуге әсері мол игі іс.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support