- Advertisement -

Ақпарат айдынында «Jambyl» арнасы

- Advertisement -

Бұл күні БАҚ саласында еңбек етіп келе жатқан ұжымдардың мерекеден-мерекеге дейінгі аралықтағы қол жеткізген жетістіктері сараланады. Ақпарат айдынындағы басылымдар, телерадио, сайттар мен порталдар жұмыс жүйесіне бір жыл ішінде қандай да бір жаңалық енгізуге тырысады. Өзгерістерге ұмтылады.
Өңірдегі үнемі жаңашылдыққа ұмтылатын ұжымның бірі Мейіржан Әлібекұлы бастаған «Jambyl» телеарнасының журналистері. Былтыр өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өткен телеарна қызметкерлері жаңа маусымға тыңғылықты дайындық жасап, жамбылдықтарға бірқатар жаңа бағдарламалар мен хабарлар ұсынды. Соның ішінде «Серпіліс», «8 QYR», «8-aimaq», «Ғибрат» хабарлары өз аудиториясын тауып үлгерген. Ал облыс әкімінің қолдауымен жақында ғана жарыққа шыққан «Сөзден – іске» ток-шоуы – көпшіліктің көкейіндегісін дөп басып жеткізетін тың бастама болды десек, артық айтпаймыз. Ашық пікірлер алаңында түйткілді мәселелердің талқыға салынуы – журналистердің жұрттың мұңын мұңдап, ортақ проблеманың шешімін бірлесе іздейтінінің айқын көрінісі.
Әр күн сайын 5 рет күнделікті жаңалықтарды жалпақ жұртқа жеткізіп отыратын телеарнада сенбі сайын «Sarap time» сараптамалық бағдарламасында аптаның жеті күні қорытындыланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы сүзгіден өткізіліп тұрады. Дәстүрлі жобалардың ішінде атауы да, форматы да өзгерген «Таңғы time», «Түскі time», «Кешкі time» тікелей эфирде көпшілік назарына ұсынылуда. «Әулиеата әуендері» жамбылдық өнерпаздардың өнерін насихаттаса, Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесінің» желісімен түсірілген бейнеролик көрерменнің көңілінен шығып жүр.

Ардақ Жаңбыршы.

Облыста жалпы

86
БАҚ тіркелген.

Жамбыл жерінде
жарық көріп, республикаға таралатын және өңір оқырмандарының
қолына тиетін

55

газет-журнал бар.

Жаңа технологияның дамуына дәстүрлі медиамен қатар едел-жедел жаңалықтарымен бөлісіп, ақпараттық саясатты қолдауға үлес қосып отырған 26 ақпараттық агенттік жұмыс істеуде.

Өңірімізде «Jambyl»,
«77» телеарналары хабар таратса, олардың қатарына былтырдан бері «Taraz 24» интернет каналы қосылды.

Республикалық басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілер қосыны да жұмыс істейді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support