COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 19 жағдайы тіркелді.

Тараз қаласында 26 — 73 жас аралығындағы тұрғындар арасында 13 жағдай анықталса, оның ішінде екі байланыста болған тұлға мен бір 26 жастағы жүкті әйел бар.

Сондай-ақ, Сарысу, Талас аудандарының 1957, 1988 жылы туған тұрғындарынан, Жамбыл ауданының 1980, 1948 жылы туған тұрғындарынан және Меркі ауданының 1966, 1995 жылы туған тұрғындарынан дерт расталды.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 20 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 591 жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 52 симптомсыз тасымалдаушы анықталды. Өңірде барлығы симптомсыз тасымалдаушылардың саны 232-ге жетті.

Барлық инфекция жұқтырғандардың 365-і сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Comments are closed.