- Advertisement -

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

44

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 19 жаңа жағдайы тіркелді.

Атап айтсақ, Таразда 42 пен 70 жас аралығындағы тұрғындар арасында 9 оқиға анықталған. Сонымен қатар, бір байланыста болған тұлғадан ауру табылған.

Сондай-ақ, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында 1975, 1957, 1984 жылы тұрғындардан және Жамбыл ауданында 1962, 1958, 1949, 1966, 1984 жылы туған тұрғындардан дерт расталды. Олардың екеуі байланыста болған тұлға. Бұдан бөлек 1979 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынынынан бір инфекция оқиғасы тіркелді.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 19 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 572 жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 34 симптомсыз тасымалдаушы анықталды. Өңірде барлығы симптомсыз 180 тасымалдаушы расталған.

Барлық дертке шалдыққандардығюң 357-сі емделіп, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support