- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын абаттандыру жұмыстарымен танысты

65

- Advertisement -

Өзін-өзі оқшаулау режимінен шыққан, COVID-19 бойынша талдаулары теріс нәтиже көрсеткеннен кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кестеге сай өз жұмысын жалғастыруда. Аймақ басшысы алдымен Тараз қаласын аралап, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Атап айтқанда, облыс әкімі 10 шағын аудандағы №16.17.17 тұрғын үйлердің аулаларын да жүріп жатқан абаттандыру шараларын барлады. Онда тұрғындар мердігерлер жүргізіп жатқан жұмыстардың сапасына қатысты шағымдарын жеткізді.

Аймақ басшысымен болған әңгіме барысында тұрғындар аулаларындағы жұмыстардың екі ай бойы жалғасып жатқанына, құрылыстың сапасыздығына реңіштерін білдірді. Бұл ретте, үш ауланы абаттандыруға бюджеттен 60 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа мердігер ұйымды қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызбай және жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз етіп, бұл мәселені тезірек шешуге шақыруды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі 12-ші шағын аудандағы аулаларды абаттандыру, Сарсембаев көшесі мен Жамбыл даңғылындағы жылу желілерін жөндеу, Громов көшесінде сумен жабдықтау жұмыстарын тексерді.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев 180 оқушыға арналған №4 мектептің құрылыс алаңында болды. 1958 жылы іргесі қаланған ескі мектеп ғимараты апатты жағдайда десек, оның орнына жаңа заманауи мектеп салу туралы шешім қабылданды. Бұл бағытқа шамамен 700 миллион теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ, бұл күні өңір басшысы Төле би көшесінің бойындағы «Қазақ еліне мың алғыс» стеласының құрылыс барысымен танысты. Биіктігі 30 метр болатын сәулет құрылысы «Арбаттың» келесі кезеңінің бір бөлігіне айналмақ. Жалпы ауданы 3,5 гектарды құрайтын аумақта көпжылдық ағаштар, сәндік бұталар, көгалдар отырғызылып, жеті субұрқақ жөнделіп, жарық, орындықтар және шағын сәулет нысандары орнатылмақ.

— Абаттандыру жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс. Қала әкімдігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы қажет. Таразда қала тұрғындары мен қонақтардың бос уақыттарын тиімді өткізетін демалыс орындарын көбірек ашу керек, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев қала басшысына бірқатар тұрғын үйлердің сыртқы келбетін ретке келтіріп, оларға іргелес жатқан аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support