- Advertisement -

Тараз қаласындағы базар жұмысына қатысты түсініктеме

46

- Advertisement -

Тараз қаласындағы базар қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциямен ауырғандар тіркелді. Сондай-ақ мониторинг топтарының тексеру барысында бірқатар сауда орындары мен базарларда санитарлық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздіктің көптеген бұзушылықтары анықталды.

Осыған байланысты Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері анықталған бұзушылықтарды жою үшін ағымдағы жылдың 20 және 21 маусымында базарлардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы базар иелеріне хабарланды. Алайда базарлардың бірінің әкімшілігі өз қызметкерлері арасында тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Сол себепті базар қызметкерлері арасында бірқатар наразылықтар мен түсінбестіктер орын алды.

Осы орайда облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков базар қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және карантиндік шараларды сақтау шартымен базар жұмысын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Б.Сапарбаев аталған базар қызметкерлерінің кәсіподағымен кездесіп, тұрғындардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігін түсіндірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support