- Advertisement -

Азия ойындарына елімізден 420 спортшы аттанбақ

60

- Advertisement -

19 қыркүйек күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жазғы Азия ойындарының жалауы желбірейді. Аталмыш додаға елімізден 420 спортшы қатысатын болды.
Бұл жөнінде еліміздің мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті ресми хабарлама жасады. Қазақстан спортшылары Инчхондағы Азия ойындарында спорттың отыз тоғыз түрі бойынша сынға түседі. Азиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады.
2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан 18 алтын, 23 күміс, 38 қоламен жалпы есепте Қытай, Жапония, Корея, Ираннан кейінгі бесінші орынды алған. Бұл жолы үздік төрттікке ену мақсат ретінде қойылып отыр.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support