- Advertisement -

Жамбыл облысында коронавирустың 51 жағдайы анықталды

20

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 51 жағдайы тіркелді.

Тараз қаласында анықталған 49 оқиғаның 48-і науқастармен байланыста болғандар. Бір жағдай Тараз қаласының 69 жасар тұрғынынан анықталды, ол ЖРВИ белгілерімен жұқпалы стационарға жатқызылған.

Сондай-ақ, науқастардың қатарында 1 жастан 12 жасқа дейінгі алты кәмелетке толмаған бала бар.

Атап айтсақ, зертханалық зерттеулер нәтижелерімен COVID-19 ауруы бір отбасының төрт мүшесінде, оның ішінде 2005, 2008 және 2016 жылы туылған балаларда расталды. Олар бұған дейін дерт жұқтырған туысымен байланыста болған.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданында екі жағдай анықталды. Ауру 1991 жылы туылған ер адамда және 1993 жылы туылған жүкті әйелден табылды. Екеуі де бұрын ауырған науқаспен байланыста болған тұлға ретінде оқшауланған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың 25 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 343 жағдайы тіркелген. Олардың 173-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

zhambyl.gov.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support