- Advertisement -

Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы

27

- Advertisement -

21 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жеті жаңа жағдайы тіркелді.

Инфекция Талас ауданының 1950, 1947, 1957 және 1958 жылдары туған төрт тұрғынынан анықталды.

Сондай-ақ, Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының 1957 және 1978 жылы туған тұрғындарынан да ауру тіркелді. Олар дене қызуының жоғарылауы мен ентігуге қатысты шағыммен медициналық көмекке жүгінген.

Ал, келесі науқас – Атырау облысы Теңіз вахталық кентінде жұмыс жасайтын 1977 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Белгіленген алгоритмге сәйкес, өңірге келгеннен кейін ол карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткенімен, қайта тексеру кезінде COVID-19 диагнозы қойылған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді. Олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынған. Ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 229 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 6 жағдай Дели – Тараз рейсі жолаушыларынан, 25 оқиға Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан анықталған.

Барлық індет жұқтырғандардың 154-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support