- Advertisement -

Үйлену оңай, үй болу қиын

73

- Advertisement -

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні артта қалса да, осы мерекеге деген құрметіміз ерекше. Өйткені Отан отбасынан басталады. Ал түсінген адамға бүгінде іргесі – берік, діңгегі мықты отбасын құру, бақытты шаңырақты шайқалтпай ұстап тұру – қоғам назарындағы үлкен мәселенің бірі. Мемлекетіміздің тірегі – отбасы, онда бақытты ғұмыр кешіп жатқан азаматтар. Ендеше, мықты мемлекет құру үшін мықты отбасын қалыптастырудың маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Бірақ өмір болған соң түрлі келеңсіздіктер орын алып жатады. Әсіресе шаңырақ көтерген жастардың болашаққа бірлікпен нық қадам басып, ынтымақпен ырысын тасытып, берекесін арттыруы – бүгінгі жалпы қоғамның бас қатыруы тиіс, баршаға ортақ міндеті.
Көпшілік күнде куә болып жатқан өкінішті жағдайдың бірі – отбасылық дау-жанжалдың белең алып бара жатқандығы. Көңілге қаяу түсіретін мұндай жағдаймен күресу, оның алдын алу мақсатында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалы «Отбасын қолдау мектебі» жобасын қолға алып отыр. Жобаның мақсаты – отбасы мәселесіне қатысты жан-жақты, кең ауқымды көмек көрсету. Соның ішінде, заңгер, психолог, педагог, ішкі істер органдары мамандарының кеңестері де ұсынылмақ. Сондай-ақ қиын жағдайға душар болған мұқтаж отбасылар басты назарда болады. Бүгінде аталған мектеп инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілері арқылы онлайн көмек көрсетуде.

Гүлдара Нұрымова,
Іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support