- Advertisement -

«Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» атты бейнедәріс өтеді

32

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тоқсан сайын өскелең ұрпаққа парасатты қоғам идеологиясын насихаттау мақсатында «Парасат сағаты» республикалық акциясын өткізіп келеді. Агенттік бұл жолғы «Парасат сағаты» кездесулерін онлайн форматта өткізуді жөн көріп отыр.

«Акция аясында бүгін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай онлайн дәріс өтеді. «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбындағы парасат сағатына Қостанай облысының 9-11 сынып оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қатысады» — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық депатраментінің баспасөз қызметі.

Онлайн дәріс бүгін сағат 15.00-де «EL ARNA» және «Balapan» арналарында, сондай-ақ сағат 11.00-де «Youtube» арнасы мен Агенттіктің және оның облыстық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілері арқылы  екі тілде таратылады.

 

Қостанай облысы

egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support