UFC президенті Дана Уайт америкалық Тони Фергюсонның карьерасына үзіліс жасаған дұрыс деп санайды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, АҚШ-та өткен UFC 249 турниріндегі Фергюсон — Гэтжи жекпе-жегі бесінші раундта аяқталған. Жекпе-жек кезінде Гэтжи 143 соққы жасады, оның 100-і қарсыласының басына тиген. Жекпе-жектен кейін Фергюсон ауруханаға түскен — бұл оның соңғы сегіз жылдағы алғашқы жеңілісі болып, 12 жеңіске созылған сериясына нүкте қойылған еді.
«Джастин Гэтжимен жекпе-жектен кейін Фергюсонның үзіліс алғанын қалаймын», — деді Уайт.
Бұған дейін Уайт Гэтжи мен жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтетінін мәлімдеген болатын.
Comments are closed.