- Advertisement -

ТАРАЗ ГҮЛДЕНЕ БЕРЕДІ

46

- Advertisement -

Тараздың тазалығы мен көгалдандырылып, көгеріштендірілуі қашанда облыс, қала басшылығының басты назарында. Бүгінде қаламыздың үлкен даңғылдары мен көшелерінің бойында, саябақтар мен гүлзарларда көктемгі көріктендіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Осынау сауапты да жауапты жұмыстарды сапалы әрі уақтылы атқаруды «Жасыл ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз мойнына алған. Аталмыш мекемені қазір Талғат Зауырбеков басқарады. Осы мекемеде бес жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жол тазалау учаскесінің бас шебері Арайлым Арыстанованы сөзге тартқанымызда ол:
– Біздің жұмыс негізі жыл-он екі ай бойы тоқтамайды. Қазіргі қарқын алған көгалдандыру жұмыстары үстіміздегі жылы наурыздың 15-нен басталған. Сол кездері жер аударылып, гүл егілетін жерлер дайындалған болатын. Енді міне, рет-ретімен Атшабар, Төле би және Жамбыл даңғылдары қиылыстары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағынан кейін «Жеңіс» саябағына да кезек келді. Алдымен сынған шыбықтар мен қоқыстардан тазартып, сонан соң гүл түрлерін отырғызудамыз, – деді.
Жалпы, осы жұмысқа қанша адам тартылып, қандай гүл түрлері егілуде дегенімізде: «Бұл жұмыстарға 30 адам тартылған, оларды арнайы автобус тасымалдайды. Мекеме есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейтін еңбеккерлерге әзірге 90-100 мың теңге жалақы төленуде. Мекеме тарапынан қала сыртында тұратындарға отын жағынан тегін жәрдем көрсетіледі. Негізі «Шабо», «Салвия», «Такетес», «Катарантус» атты гүл түрлерін егудеміз. Бір айта кететіні, бұл гүл түрлерінің бәрі «Жасыл ел – Тараз» ЖШС-ның жылыжайларында өсіріледі», – деді ол.

 

Тұрмаханбет ҚАЗАҚБАЙ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support