- Advertisement -

Жаз – 2020: балалар демалысы көңілді, қызықты өтсін десек…

115

- Advertisement -

сондай-ақ «жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «еңбек» бағдарламаларын орындауда олқылық болмасын

Бөлінген қаражатты тиімді игеру, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың үнемі назарында. Бұл туралы мәселелер әкімдікте өткен жиындардың күн тәртібінен түскен емес. Кезекті рет өткен кеңесте бұл аспект білім беру саласының жай-күйімен бірге қаралды.
Күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылаудан бұрын, аймақ басшысы өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге назар аударды. Тиісті құрылымдар осы бағыттағы бақылауды күшейтуі керек.
Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, аймақтағы 442 мектептің 5-еуі апаттық жағдайда. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылдан бастап Қордай ауданында бір және Шу ауданында екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Басқарма басшысы бұл нысандардың келер оқу жылының басында ашылатынына күмән келтірді. Өйткені бүгінге дейін онда жұмыстың 15 пайызы ғана орындалған. Аталған аудандардың әкімдері Рүстем Дәулет пен Жарылқасын Айтақов аймақ басшысын жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалатынына сендірді.
Үш ауысымды тоғыз мектептің жай-күйі бойынша 2021 жылға айрықша басымдық берілуде. Келер жылы бірден мұндай алты мектептің мәселесі шешіледі деп күтілуде. 41,5 мың мектеп жиһаздарын ауыстыру үшін 749,3 млн. теңге қажет десек, Бердібек Сапарбаев бірінші кезекте тақталар мен парталарды ауыстыруға көңіл бөлуді тапсырды. Мұндай шараға нысандарды салатын компаниялар да атсалысуы тиіс.
– Жабдықталған дәретханалар мен бейнекамералардың жиынтығы әрбір мектепте болуы керек, бұл Үкіметтің тапсырмасы. Оқу орындарының сыртқы көрінісін, қоршауларын реттке келтіріп, іргелес жатқан аумақты абаттандыруға ден қойған дұрыс, – деді облыс әкімі.
Биыл жазғы демалыс лагерлері маусымның екінші жартысында жұмысын бастамақ. Осы орайда 8,5 мыңнан астам бала ПРЦ-тест (полимеразная цепная реакция) тапсыратын болады.
Гүлнәр Ходжабергенова мектеп жанындағы лагерьлерді ашпауды ұсынды. Мектепте оларды ұстау үшін қаражаттың тапшылығымен қатар, балалардың санитарлық нормаларды сақтауында қосымша мәселелер туындауы мүмкін.
– Қашықтан оқытудың жаңа түрлерін белсенді енгізу қажет. Бұл әсіресе мүгедек балалар үшін маңызды. Барлық мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізуі, өз түлектерімен байланысты нығайтуы қажет.
Облыста небары 11 балалар лагері бар. Бұл өте аз. Жаңа лагерьлер ашатын боламыз. Біз міндетті түрде Түркістан облысының Мақтарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен балалардың демалысын ұйымдастыруды қолға аламыз.
Біздің балаларды Қазақстанның басқа өңірлеріне тұрақты түрде демалуға жіберіп отыру керек. Сонда олар өз қатарластарымен араласып, елімізді тереңірек тани түседі, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1628 жобаны жүзеге асыруға 56 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Аймақ басшысы әкімдер мен жұмыс топтарына құрылысты ертерек бастаудың және жұмыс барысын бақылаудың маңыздылығын ескертті. Бүгінгі таңда облыстың барлық өңірінде жалпы саны 200 адамнан тұратын 51 жұмыс тобы құрылған. Олардың әрқайсысының міндеттері белгіленіп, тексерілетін жобалардың тізімі және әрбір нысанның анықтамалық паспорттары әзірленген.
– Ең бастысы – сапа мен уақыт. Сонымен қатар, жұмыс топтарының міндетіне тек «Жұмыспен қамтудың жол картасы» ғана емес, басқа да мемлекеттік бағдарламалар кіреді. Күшейту үшін біз олардың құрамына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін, полиция мен экологтарды қостық, олар қолданыстағы заңнаманың мүлтіксіз сақталуын қадағалайтын болады. Топтар шағын және орта кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасауы керек. Біз бүгінде жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды жөндеп, көше жарықтарын орнатудамыз. Бизнес өкілдері де өз кезегінде, іргелес аумақты абаттандырумен айналысуы, нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіруі тиіс, себебі бұл кәсіпкерлердің өзі үшін тиімді, – деді аймақ басшысы.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несиелер мен гранттар алуға ұсынылған жобалар әлі де аз. Жаңа жұмыс орындары баяу қарқынмен құрылуда, тұрғындар арасында түрлі мемлекеттік бағдарламалардың артықшылығы туралы түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілуде.
Салынып жатқан нысандардың жобалық-сметалық құжаттары саралауды қажет етеді, асыра бағаланған шығындар бойынша әрбір жағдайды мұқият зерттеп, кінәлілерді жазалау қажет. Шаруа қожалықтарын ірілендіру, кәсіпорындарды толық жүктемесіне шығару жолындағы жұмыстар ойдағыдай орындалып отырған жоқ.
– Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске асыруға жеке жауап беретін аудан әкімдерінің орынбасарларын бекіту керек. Бес айдың қорытындысы бойынша біз барлық 11 ауылдық округтің өкілдерін жинап, алдын ала нәтижелерді шығаратын боламыз, – деп қорытындылады облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support