- Advertisement -

Қордайда 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

37

- Advertisement -

12 мамыр күні түске дейін облыста коронавирустық инфекцияның 7 жаңа жағдайы анықталды.
Індет жұқтырғандардың бәрі 4 пен 60 жас аралығындағы Қордай ауданының тұрғындары. Олар бұған дейін ауырғандармен байланыста болып, карантиндік стационарға оқшауланған. Олардан алынған зертханалық талдаулар коронавирустық инфекцияның бар екенін растады.
Науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған адамдарды анықтау, оларды оқшаулау және талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
12 мамырдағы жағдай бойынша өңірде коронавирустық инфекцияның 192 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 91, Байзақ ауданында – 18, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында – 44, Меркі ауданында – 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1. Сондай-ақ, «Дели-Тараз» рейсі жолаушыларынан – 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталған.
Дертке шалдыққандардың 91-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support