- Advertisement -

Құнттылық керек бұл істе

80

- Advertisement -

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Тұрмысы төмен отбасыларды қолдау мәселелері мен өңірдің экологиялық жайы талқыланды.

Қолдау да, көмек те
бар, бірақ…

Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысына сүйенсек, облыста кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтар саны 6995-ті құраған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті free revisions and online support phd тағайындау үшін жергілікті және республикалық бюджеттерден 286,9  миллион теңге қаралған. 18 жасқа дейінгі 64503 балаға мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленген.
Осы жылдың ақпан айындағы Үкімет қаулысы негізінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында «Өрлеу» жобасы бойынша шарттық ақшалай көмек енгізілген. Жобаны іске асыру үшін 766,7 миллион теңге бөлініп, оның 700,1 миллион теңгесі шарттық ақшалай көмекке қаралыпты. Жеті ай ішінде 5408 аз қамтылған азаматтарға 64,5 миллион теңгенің көмегі тағайындалған. Оның 9,1  миллион теңгесі жергілікті бюджет есебінен төленген. Осылайша шартты көмекке республикалық бюджеттен қаралған қаражаттың небәрі 7,8 пайызы игерілген. Тұрмысы төмен отбасыларды қолдау мәселелері бойынша хабарлама жасаған  облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков оның себебін бірнеше жағдаймен байланыстырды. Басқарма басшысының айтуынша, біріншіден, жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту мүмкіншіліктері шектеулі болса, екіншіден, маусымдық жұмыс істейтіндер, ұсынылған тұрақты жұмыстарға жалақысы төмен болғандықтан барғылары келмейтін көрінеді. Жәрдемақы алушы балалы отбасылардың ішінде жұмысқа жарамды тек біреу болса, оның өзі көбінде бала күтімімен отырып, еңбекке қатыса алмайды.
Ал, облыстағы аудандар ішінде ең көп атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны Меркіде тіркелген. Биыл олардың саны – 811-ге жеткен.   Оның себебін сұраған облыс әкіміне аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов мардымды жауап бере алмады. Сондықтан Кәрім Көкірекбаев аудандағы сала басшысымен тілдесуге мәжбүр болды. Алайда, маман жауабы да облыс әкімін қанағаттандырмады. Жорабек Баубеков облыс орталығында тұрғылықты мекені жоқ жандарды уақытша орналастыратын орталық бар екендігін, бұл бағытта өзге де жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.  Бұдан кейін облыс әкімі тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар санынан жоғары болғаны жөн екендігін, аз қамтылған отбасылар жан-жақты қолдауға ие болулары керектігін айтып, мүмкіндік болса, оларға несие беру жолдарын қарастыруды тапсырды.

Тұрмыстық
қалдықтардың
көбеюіне кім кінәлі?

Күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе бойынша хабарлама жасаған облыс бойынша экология департаментінің бастығы Мұхтар Қонысбеков алғашқы жартыжылдықта 116 экологиялық заң бұзушылық анықталғанын айтты. Атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың шығарындылары өнеркәсіп мекемелерінен алынған деректер бойынша жарты жыл ішінде 15,388 мың тоннаны құраған. Облыстық гидрометеорология орталығының дерегіне сүйенсек, Тараз қаласы бойынша атмосфераның ластану деңгейі былтыр 6,2  бірлік болса, биыл 7,62 бірлікке жеткен.
Экология мәселесі бойынша облыста ең күрделі мәселелердің бірі – Тараз қаласының шайынды суды тазарту бойынша биологиялық кешенді құрылысын салу ісі өз шешімін таппай тұр. Республика бойынша Таразда ғана тазартқыш имараты жоқ. Сүзгі алаңы бүгінде тазартқыш имараты жұмысын атқара алмайтын, су жинағыш ғана болып есептелетін көрінеді. Облыстың бас экологының айтуынша, сүзгі алаңы тұрақты гидравликалық салмақ әсерінен жерасты суларын ластауда. Сондықтан, Жамбыл ауданының бес елді мекенінің тұрғындары ауыз суға зар болып, ауылшаруашылығы жерлері батпаққа айналып, топырақ құнарсыздануда.
Тағы бір өзекті мәселенің бірі – облыс аумағындағы 6381,281 мың тонна тұрмыстық қалдықтарды көму мен қайта өңдеу болып отыр. Небәрі жарты жыл ішінде пайда болған тұрмыстық қалдықтар – 34,404  мың тоннаға жетіп жығылған. Ал, оларды сорттайтын және текшелеп қайта өңдейтін зауыт немесе цех облысымызда жоқ. Сонау 2005  жылы Тараз қалалық қалдық өңдеу зауытының техника-экономикалық негіздемесі рәсімделіп, облыстық бюджеттен 5,78  миллион теңгемен қаржыландырылады. Бірақ, жоба Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тарапынан қолдау таппайды.
Облыс әкімі сондай-ақ, зауыттар мен кәсіпорындардың экологиялық нормаларды сақтауы, орман шаруашылығындағы жағдайларды да пысықтады. Кеңес соңында талқыланған тақырыпқа сай тапсырмалар беріп, көріктендіру-көгеріштендірудің екі айлығы басталғанын, оған барша облыс тұрғыны атсалысуға тиіс екенін жеткізді.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support