- Advertisement -

Қырдың қызыл қызығы

225

- Advertisement -

Қызғалдақтар – өңір бренді

Сайын даланы сан түрлі түске бояған көктем мезгілі толық күшіне еніп келеді. Айналаны алқызыл түспен көмкерген ғажап мезгілдің қызықтарын фототілшілер де тамашалады. Әріптесіміз Ақәділ Рысмахан, Знамя труда газетінің фототілшісі Юрий Ким, арайлық Алтынбек Қартабай, «77 TV» телеарнасының операторы Санат Аралбек бастаған азаматтар жылдағы дәстүр бойынша «Жамбылдың қызғалдақтары» атты фотоэкспедицияға қатысты. Іс-шара облыс әкімдігінің туризм басқармасы мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен іске асты. «77 TV» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті.
– Фотоэкспедиция Жуалы, Қордай және Меркі аудандарының шатқалдары мен тау бөктеріндегі қызғалдақтар белсенді гүлдену кезеңінде ойластырылған, – дейді облыстық туристік ақпарат орталығының директоры Ұлан Жолдықұлұлы.
Іс-шара барысында облыстың флорасы мен фаунасы туралы жоғары сапалы материалдар, фотосуреттер мен бейнежазбалар дайындауға баса назар аударылды. Бұл материалдар туристерді тартуға септігін тигізері сөзсіз.
Фотоэкспедицияға қатысушыларға Жуалы ауданы «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің аға орманшысы Қалымхан Холоканов, орманшы-қорықшы Рүстем Назарбеков және Ринат Мәдібек көмектесті. Олар барлық гүлденген жерлерді білетіні белгілі.
Берікқара шатқалына барып, қызғалдақтардың сан түрін түсірген Ақәділ Рысмаханның суреттерін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Әріптесіміздің объективіне Кауфманн, Грейг секілді көптеген қызғалдақтар ілінді. Қырдың қызыл қызығын тамашалаңыз, оқырман! Бұл – біздің өңірдің байлығы.

«Аq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support