- Advertisement -

4 мыңға жуық адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – Бас санитар

58

- Advertisement -

Қауіпті індеттің шарықтау шегі мамыр айында болады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда вирусты жұқтыру қарқыны 8%-ды құрады. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны 2700, ал мамыр айында бұл сан төрт мыңға жетеді», — деді ол брифинг барысында.

Сондай-ақ, бас санитар елімізде эпидемиолог мамандардың жетіспейтінін жасырмады.

«Ел бойынша 8755 эпидемиолог бар. Соған қарамастан, әлі де 800 эпимедиолог дәрігер жетіспейді. Жалпы айтатын болсам, денсаулық сақтау саласында 4 мыңға жуық медицина қызметкері жетіспейді. Бүгінде осы салада 250 мыңға жуық маман бар. Олардың 72 мыңы дәрігер болса, 177 орташа медициналық қызметкер», — деді ол.

Бүгінде Қазақстанда қауіпті індетпен күресуге 16 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша, республикада КВИ жұқтырғандардың саны 2047-ге жетті.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support