- Advertisement -

Өңірлерде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты – Е.Біртанов

36

- Advertisement -

Науқастармен байланыста болған 19 112 адам анықталған

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан коронавирус анықталғандар саны әсіресе, өңірлерде көбейіп жатқандығы туралы айтты.

«Өткен тәулік бойынша жаңа 78 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 13 пайыз болды. 78-дің ішінде елордада 2 науқас қосылды, өсім деңгейі – 0,9% . Алматы қаласында жаңа 3 науқас бар, өсім – 3%. Басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркелді. Олар өткен тәулікте 29%-ға өсті. Ақмола облысында 19 науқас қосылып, 83%-дық өсім көрсетті. Қарағанды облысында 16 науқас тіркеліп, өсім 50% болды. Үшінші орында Қызылорда облысы тұр. Жаңа 13 науқас бар, өсім – 35%. Сонымен қатар, Таразда жаңа 12 науқас бар, өсім деңгейі 43%-ды құрайды. Қазіргі күнде ең үлкен өсім өңірлерде», — деді Е.Біртанов бүгінгі Үкімет отырысында.

Елімізде коронавирустан қайтыс болған науқастар саны – 6 адам. 46 науқас емделіп шыққан. 680 адам ауруханада жатыр. Алты науқастың жағдайы нашарлап, жасанды демалдыру аппаратына қосылған. Орташа деңгеймен – 88, жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр.

Жалпы ел бойынша вирус анықталғандармен байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97%-ы табылып, оқшауланған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support