- Advertisement -

Ауру жеңіл дәрежеде өтуде

78

- Advertisement -

Сәрсенбі, 1 сәуір күні облыста коронавирус ауруының 2 жаңа дерегі анықталды. Ауырғандардың бірі Тараз қаласының 41 жасар тұрғыны. Ол «Қызылорда-Петропавл» пойызында Түркістан облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болған. Онымен жақын байланыста болған 8 адам карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирусқа талдаулар алынды.
Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған «Қызылорда-Петропавл» пойызының 7 жолаушысы анықталып, карантинге алынды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Анықталған екінші науқас Жамбыл ауданының 1991 жылы туған тұрғыны болып табылады. Ол 30 наурыз күні Ресей Федерациясынан өңірге оралған. Ол елге келген соң бекітілген алгоритмге сәйкес карантиндік стационарға жатқызылған. Талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Екі емделушінің де жағдайы қанағаттанарлық, ауру жеңіл дәрежеде өтуде. Хаттамаға сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиялық қызметтің мамандары олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support