- Advertisement -

Тұрғын үй жайлы, қолайлы және эстетикалық тартымды болуы тиіс

70

- Advertisement -

Тараз қаласындағы құрылыс және абаттандыру мәселелері қашан да облыс басшылығының назарында. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрақты түрде шаһарда құрылысы жүріп жатқан және жұмыс істеп тұрған нысандарды арнайы аралап, қала көшелерін, скверлер мен алаңдарды абаттандыру және санитарлық тазалау шаралары барысымен танысып отыруды әдетке айналдырған.
Осы орайда, әз Наурыз қарсаңында Бердібек Мәшбекұлы қаланы аралап шықты. Ең алдымен облыс әкімі «Арай-2» шағын ауданындағы құрылыс алаңында болып, әлеуметтік жағынан осал азаматтарға арналған жалға берілетін төрт жатақхананың жай-күйіне қанықты. Бес қабатты бұл жатақханалардың әрқайсысы жоба бойынша 45 пәтерлі болып бой көтеруде. Олардың құрылысына 70 процент жергілікті материалдар пайдаланылуда. Соның нәтижесінде жатақхана құны тиімді бағада қалыптасып, 1 шаршы метрі 110 мың теңгеден айналмақ. Бас мердігер – «Бином» ЖШС. Ағымдағы жылдың маусым айында нысанды пайдалануға беру көзделуде. Ондағы пәтерлер қоныстануға дайын күйде үлестірілмек.
Облыс әкімі мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізудің маңыздылығын ескертіп, салынып жатқан нысандардың дизайны мен өзіндік үйлесімдігіне айрықша назар аударды. «Тұрғын үй жайлы, қолайлы және эстетикалық тартымды болуы тиіс», – деп атап өтті Б.Сапарбаев.
Бұдан соң аймақ басшысы «Нұрлы таң» тұрғын үй кешеніндегі көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Аталған тұрғын үй кешеніндегі бұл жоба «7-20-25» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Құрылыстың сметалық құны 380 миллион теңгеден асады. Аяқтау мерзімі – 2020 жылғы маусым. Сондай-ақ облыс әкімі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аумағындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Онда «Арбат» жаяу жүргіншілер алаңының 3-кезеңінің құрылысы басталуда. Бұл алаң аталған кешен мен «Қарахан баба» кесенесімен байланыстыруға негізделген. Мұнда жалпы ауданы 2,5 гектар болатын аумақта сегіз түрлі 160-тан астам ағаш көшеттері отырғызылмақ. Сонымен қатар заманауи сазды субұрқақтар салынып, жарықтандырылады. Орындықтар мен беседкалар орнатылады.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support