- Advertisement -

«Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

84

- Advertisement -

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен облыс аумағында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – пәтер ұрлығын ашудағы тиімділікті жақсарту, қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу, аталған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау болып табылады.
Жедел жағдайды талдау негізінде пәтер ұрлығына аса бейім аудандар анықталып, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлері қатарынан жедел топтар құрылды.
Іс-шара барысында 12 пәтер ұрлығы ашылды. Өңірде биылғы екі айда 123 пәтер ұрлығы тіркелді, бұл былтыр тіркелген 200 деректен 77-ге аз. Жалпы алғанда 38,5 процентке төмендеген.
Облыстық полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді ескертеді.

Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support