- Advertisement -

Қандай жағдайда несие тарихын түзеуге болады?

26

- Advertisement -

Үкімет отырысында коронавирустың тарауына байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік жасалатынын айтты.
Жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде өсімақы есептеуге тыйым салынады.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтыну несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз қарызы бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады», – дейді Әбілқасымова.
Сонымен қатар ол қазақстан-дықтардың несие тарихын түзеуге мүмкіндігі болатынын айтты.
«Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50 проценттен астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерді орындаған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі қарастырылады», – деді Әбілқасымова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support