- Advertisement -

Төрт тәулікте 29 есірткі қылмысы тіркелді

32

- Advertisement -

«Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген төрт тәулікте облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының  29 дерегін анықтады.

Оның ішінде есірткіні өткізудің – 3, осындай заттарды аса ірі көлемде сақтаудың 2 дерегі тіркеліп отыр. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-3-бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық көрсеткен, яғни есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтерін өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалануға қатысты 11 оқиға анықталған. Аталмыш кодекстің 303-бабы 1-бөлігіне сәйкес, есірткі заттарын, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзған 1 дерек, жалпы,  17 қылмыс орын алыпты.

Сонымен қатар 12 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Атап айтқанда, Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сай дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет ережелері сақталмаған – 8, ал 427-баптың 1-бөлігіне қатысты 4 дерек тіркелген.  Бұл дегеніміз есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу фактілері болғандығынан хабар береді.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция  подполковнигі Асхат Алметовтің айтуынша, өңірімізде барлығы 96 дәріхана, 28 қойма, 21 емдеу мекемесі мен 17 кәсіпорын тексерілген.

  • Нәтижесінде, заңсыз айналымнан 35 килограмм марихуана, 5 килограмм

гашиш, 3 грамм героин, 12 килограмм күкірт қышқылының прекурсорлары, 1249 ампула есірткі және психотроптық заттар алынды, – дейді Асхат Аманқұлұлы.

Альмира ОМАРОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support