Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны карантинге жатқызылды

Әйелдер арасында теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Шведова Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келген рейсте вирус жұқтырған жолаушы болған.

«Бәріне карантиннен сәлем! Қазақстанның көптеген тұрғыны 12 наурызда Мәскеуден Нұр-Сұлтанға рейс туралы, осы рейсте Миланнан коронавируспен ұшқан бір жолаушы болғанын естіген шығар. Мен де сол рейсте болдым — «Индиан-Уэллс» болмай қалғаннан кейін Калифорниядан отбасыма ұшып келгенмін. Көп ұзамай осы рейстегі барлық жолаушы сияқты мені де стационарлық карантинге жатқызды», — деп жазды Шведова.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жеткен. Оның алтауы — Алматыда, екеуі — Нұр-Сұлтанда.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/